Күршімде жалпы құны 270 млн теңге болатын 3 мал бордақылау алаңы салынады
Күршім ауданында кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2020-2024 жылдарға 1,9 млрд.теңге жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов пресс-конференция барысында мәлімдеді.
Оның ішінде 1,2 млрд.теңге несие қаражаты болады.
Сондай-ақ, 2021-2023 жылдары жалпы құны - 270 млн.теңге болатын Абай (90 млн.тг), Боран (90 млн.тг), Марқакөл (90 млн.тг) ауылдық округтерінде әрқайсысы 1000 басқа арналған бордақылау алаңы салынады. Мал бордақылау алаңдарына ауданның 210 шаруа қожалығынан бұқашықтар өткізіледі.
Айта кетейік, ауданда ірі қара мал саны 77,5 мың бас, оның ішінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда-36,7 мың бас, жеке қосалқы шаруашылықтарда – 41,8 мың бас. Ұсақ мал - 165,7 мың бас, оның ішінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда - 78,8 бас, жеке қосалқы шаруашылықтарда – 86,9 мың бас. Жылқы саны – 27,1 мың бас.
Бүгінгі таңда ауданда бір уақытта 2600 басқа дейін мал бордақылайтын 6 бордақылау алаңы мен 2 тауарлы-сүт фермасы және 2 сүт қабылдау пункті жұмыс істеп тұр.