KAZ Minerals алғашқы болып өзінің ПТР-зертханасын іске қосты
![](/kz/uploads/posts/iblock/a96/a96027b852f727c8980b429964c86850.jpg)
KAZ Minerals Тобы Қазақстандағы өнеркәсіптік компаниялардың арасында алғашқы болып полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен жұмыс істейтін зертхананы іске қосты.
Ақтоғай КБК-де орнатылған бұл зертханада компания қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Ақтоғай кен орынын кеңейту жобасында жұмыс істейтін қызметкерлер де тестілеуден өтеді. Жеке зертхана үлгілерді өңдеу және тестілеу нәтижелерін алу процесін жеделдетуге, сондай-ақ, компания қызметкерлеріне бұрын клиникалық-диагностикалық қызметтер көрсеткен өзге зертханаларға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
"Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы – компания үшін басым міндет. Карантиндік шараларбасталғанда біз вахталық әдіспен жұмыс істейтін кеніштерімізге кіруді шектедік, қауіп-қатерді азайту мақсатында вахта ауыстыру кестесін өзгерттік, барлық кәсіпорындарда санитарлық бақылауды күшейттік, вахтаға жаңадан келген қызметкерлер үшін көп сатылы тестілеу, оның ішінде ПТР әдісімен тестілеу, өткіздік және оқшаулау рәсімдерін енгіздік. Бүгін біз бұл жұмысты күшейтіп отырмыз. Кәсіпорындардың ірі қалалардан, демек, ірі зертханалардан алшақтығын ескере отырып, біз диагностика уақытын қысқарту және елдің клиникалық-диагностикалық ресурстарына жүктемені азайту мақсатында,компанияның Қазақстандағы барлық кәсіпорындарының қызметкерлері мен мердігерлерінің қажеттіліктеріне арналған өзіміздің ПТР-зертхананы сатып алдық және оны Ақтоғайда орналастырдық", - дейді "KAZ Minerals Management" ЖШС-нің басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Ақтоғайдағы жұмысшылар саны, егер екінші кен байыту фабрикасының құрылысындағы қызметкерлерді есепке алсақ, 4,5 мың адамға жетеді. Қажет болған жағдайда зертхана Топтың Қазақстандағы барлық кәсіпорындарынан келген биоматериал үлгілерін өңдейді деп жоспарланған.
Бұл модульдік зертхана Қазақстанда жасалған. Құны-шамамен 150 млн теңге. Ол жинақталған түрде жеткізіледі және оның барлық қажетті жабдықтары бар: кері транскрипциясы бар нақты уақыттағы ПТР-тестілеу аппараты, РНҚ экстракциясының автоматты аппараты, суландыруқұрылғылары, биологиялық қауіпсіздік боксы, ламинарлы ПТР-бокс, сондай-ақ, қажетті қосалқы жабдықтар жиынтығы. Қосымша 20 000 тест-жиынтық сатып алынды. Зертхананың қуаты тәулігіне 552 сынаманы өңдеуге мүмкіндік береді. Бір цикл 4-24 сағат арасында өңделеді. Сондай-ақ, мұнда басқа да клиникалық және диагностикалық зерттеулер жүргізуге болады.