KAZ Minerals компаниясы 230 студентті ақылы тағылымдамадан өтуге шақырады
KAZ Minerals Тобы жоғары оқу орындары мен колледждердің соңғы курсындағы инженерлік-техникалық мамандықтарының 230-ға жуық студентін тағылымдамаға қабылдауды жоспарлап отыр.
Жас мамандардың ақылы тағылымдамасы жұмысшы мамандықтар үшін бір жылдық және инженерлік мамандықтар үшін екі жылдық практикалық оқытуды көздейді. Алғашқы екі айда тағылымдамадан өтушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқытудан және өндірістік тәжірибеден өтеді. Тағылымдамадан өтудің бүкіл кезеңіне әр тағылымдаман өтушіге тәлімгер бекітіледі.
«Тағылымгер» бағдарламасы — бұл біздің компанияның тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мамандардың жаңа буынына құйған инвестициясы. Бүгінгі таңда бұл дарынды жастарды іздеу мен іріктеудің ең тиімді құралдарының бірі. Тағылымдамалар болашақ маманды нақты жағдайда көруге және оның әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тағылымгерлер үйреншікті процестерге жаңа дем береді», - дейді «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Ботагөз Нұрышева.
Тағылымдамаға үміткерлер тестілеуден өтіп, компания өкілімен сұхбаттасуы тиіс. Негізінен тағылымдамадан өтушілер вахталық әдіспен жұмыс істейтін Ақтоғай (Абай облысы) және Бозшакөл (Павлодар облысы) кен орындарына қабылданады. Тағылымдамадан өтушілер компания қызметкерлері сияқты жағдайларда оқиды, жұмыс істейді және тұрады. Ал қабылдау ресми жұмысқа орналасу рәсімдері арқылы жүргізіледі.
Айтып өтейік, «Тағылымгер» бағдарламасы KAZ Minerals Тобында 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ЖОО мен колледждердің 460 түлегі тағылымдамадан өтті, ал 280 үздік тағылымгер компания кәсіпорындарында жұмысқа орналасты.