KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

ШҚО-да тағы да күн райы бұзылады

18.07.2022, 10:57 212

Қазгидрометтің Шығыс Қазақстандағы филиалының хабарлауынша, өңірде күн райы бұзылады.

«18 шілдеде өңірдің солтүстік, батыс аймақтарында және облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с болады. Жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды», - деп жазылған хабарламада.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері:

«Ұзақ жолға шықпауға кеңес береміз. Жел екпіні күшейгенде, үй қабырғасына жақын тұрмаңыздар. Сондай-ақ аялдамаларда және электр желілерінің жанында тұруға, ағаш астына көлік қоюға болмайды, – деп ескерту жасады.

Қауіп-қатер төнген жағдайда, 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу керектігін естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу