ШҚО-да балықшы суға батып кетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/190/1909bd7a11c08a24cb4dbb52302d5228.jpg)
Глубокое ауданына қарайтын Опытное поле елді мекенінің тұрғыны суға батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 1974 жылғы ер азамат әйелімен бірге балық аулауға барған. Оқыс құлатып алған қармаған (спиннинг) алмақ болып суға кірген балықшы батып кеткен.
Көмекке келген жақын маңдағы балықшылар оны жағаға алып шыққан. Бірақ оқиға орынына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері тұрғынның жан тапсырғанын анықтады.
Оқи отырыңыз