Өскемен маңында бір адам суға кетті
Қайғылы жағдай бүгін Глубокое ауданының Тәжірибе алаңы ауылында болды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 1974 жылы туған ер адамның жергілікті су қоймасынан балық аулағанын айтады. Қасында оның әйелі болған.
Балықшының қармағы суға түсіп, ер адам құралдың артынан барам деп, батып кетті. Әйелі сол жерде айқайлап, көмекке шақыра бастады. Айғайдың дауысына жүгірген балықшылар суға батып адамды шығарып алып, жан сақтау әрекеттерін жасай бастады. Алайда, «жедел жәрдем» қызметкерлері келіп, адамның қайтыс болғанын анықтады.
Оқи отырыңыз