KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Санатына емес табысына қарай. "2-10-20" бағдарламасына кімдер қатыса алады?

19.05.2020, 10:39 226

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік бағдарлама пәтерлерінің кімге берілетінін түсіндіріп берді. 

11 мамыр күні мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде "Отбасы банк" ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы - баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты беріледі, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Осы ретте ол табыс шегі қалай бөлінетінін түсіндіріп өтті.

Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 есе күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%- ипотека беріледі. Яғни, мұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады,– деді министр.

Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға болады.

Дереккөз: БАҚ кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу