KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

ШҚО коронавирус өсімі ең төмен өңірлер қатарында

18.05.2020, 10:52 136

Қазақстан өңірлері коронавирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді. Шығыс Қазақстан 3-ші топқа жатады, яғни, ауру өсімі 5 пайыздан төмен.

 Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Біз өңірлерді үш топқа бөлдік. Өсім деңгейі 7%-тен асатындар, өткен аптада олардың саны біраз болды. Олар Ақтөбе, Түркістан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары. Екінші топта вирус жұқтыру өсімі 7%-тен төмен өңірлер, олар Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Үшінші топта өсім 5%-тен төмен, олар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары", - деді Сұлтанғазиев денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Министрлік карантиннің жеңілдегенін ескеріп, жедел штабтарға бақылауды күшейтіп, рейдтік тексерістер өткізуді ұсынған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив