ШҚО-да карантин кезінде мас күйінде көлік жүргізген бес адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде көлікті мас күйінде жүргізген бес жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бес жағдай да Шемонайха ауданында тіркелген. Құқық қорғау органдары әрбір тәртіп бұзушыға екі әкімшілік хаттама толтырды.
– Тәртіп бұзушылар мас күйінде көлік жүргізгені үшін және төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыпталды және істі сотқа жібердік. Сот айыпталушыларды қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп мәлімдеді Шемонаиха ауданындағы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында қабылданған заңнамаға сәйкес көлікті мас күйінде жүргізгендер жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.