ШҚО-да үш күнде мас күйінде көлік жүргізген 42 адам ұсталды
18-20 сәуір аралығында облыс аумағында мас күйінде көлік тізгіндеген 42 адамды ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті мәлімдеді.
Олардан бөлек, қажетті құжаттары жоқ 17 адам көлік жүргізген. Жылдамдықты асырған 225 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 70 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау бойынша 400 факті тіркеліп отыр.
Айта кетсек, соңғы үш айда облыс аумағында 182 жол апаты болған, оның салдарынан 18 адам көз жұмып, 257 адам жарақат алды.
Оқи отырыңыз