KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Балабақша тәрбиешісі мас күйінде көлік жүргізген – ШҚО

15.01.2020, 05:04 118

ШҚО-да балабақша тәрбиешісі мас күйінде көлік жүргізген, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ернар Базаровтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Оқиға 12 қаңтар күні түнгі сағат 01:00-де Өскемен-Рахман қайнары тас жолында болған. «Toyoto Camry» көлігін мас күйінде тізгіндеген Үлкен Нарындағы «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі. Аталған факті негізінде Әкімшілік құқық бұзушылықтың 608-бабы, 1-бөлігі бойынша іс Қатонқарағай аудандық сотына жіберілді.

- Қаңтардың 11-14 аралығында облыс көлемінде он адам мас күйінде көлік тізгіндеген. Олардың әрқайсысына әкімшілік хаттама толтырылды. Мәселен, Шемонайхада мас күйінде ұсталған жүргізуші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - дейді ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ернар Базаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив