KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

Коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге алушылардың қатары толықты

11.05.2020, 05:08 245

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 9 мамыр күні карантин кезінде коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Мәселен белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша норма енгізілді:

 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) көп балалы отбасылар;

5) ең төменгі мөлшерде және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

 6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Айта кетейік әкімдіктер көмек алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтап бере алады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу