ШҚО-да 11 мың рұқсат қағазының заңсыз алынғаны анықталды
Өскемен және Семейдің бірқатар бизнесмендері мен кей тұрғындары заңсыз жолмен автокөлікке арналған жалған рұқсат қағаздарын алып, пайдаланып жүргендері туралы фактілер анықталды. Олардың жалпы саны 11000 данадан асады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Осы жағдайға қатысты ШҚО полиция департаменті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама алынды.
- Құрметті жерлестер, баршамыздың ортақ қауіпсіздігіміз үшін бұл маңызды жұмысқа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек, біз белгіленген ережелерге сай ұсынылмаған және тұлға туралы дерек нақтыланған талапқа сай болмаған жағдайда рұқсат қағаздарды жарамсыз деп танимыз, - деп жазады облыс әкімі.
⠀