KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да саяжай учаскелеріне жеке автокөлікпен баруға рұқсат берілді

5.05.2020, 08:12 180

ШҚО-да  7-10 мамыр аралығында саяжай учаскелеріне жеке автокөлікпен баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы обылс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәдімдеді.

 - Сіздердің көптеген өтініштеріңізді назарға ала отырып, ШҚО-ның жедел штабы мерекеде, яғни, 7-10 мамыр аралығында саяжай учаскелеріне жеке автокөлікпен баруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Осылайша тұрғындар осы күндері қалада немесе блок-бекеттерден ары орналасқан өз саяжайларына барып демалып, жұмыс істей алады. Рұқсат қағазының жұп немесе тақ күндеріне қарамастан, - дейді аймақ басшысы.

Ең бастысы, өзімен бірге бау-бақша серіктестігінің мүшелік кітапшасын немесе құқық иелігі туралы кез келген басқа құжат болуы тиіс екен.

Десе де, облыс басшысы тұрғындарға коронавирустың жаңа жағдайларының таралуын және көбеюін болдырмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстап, көршілермен әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы ескертіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив