KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Даниал Ахметов рұқсат қағазды қалай қолдану керектігін айтты

7.04.2020, 08:35 2 056

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіпкерлерге рұқсат қағаз беріліп жатқан №38 мектепке барды. Аймақ басшысы рұқсат қағазды қалай қолдану керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы автокөлікке арналған жасыл рұқсат қағазын алған кәсіпкерлердің біріне:

– Мәселен мына жасыл рұқсат қағазына сіз жүретін бағытыңыз бен жүретін уақыттыңызды жазуыңыз керек. Бұл қағаз сол көрсетілген бағытта және сол уақытта жарамды болады. Ал қызыл түсті рұқсат қағазы қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға беріледі. Айталық коммуналдық қызметкерлер, энергетика саласының мамандары, дәрігерлер және тағы басқа. Бұл қағаз тәулік бойы жарамды. Ал жасыл рұқсат қағазы арқылы тек әкімдікпен келіскен уақыт бойынша жүре аласыз, – деп түсіндірді.

Сондай-ақ Даниал Кенжетайұлы кәсіпкерлерден кезекте қанша уақыт тұрғандарын сұрады. Ал бизнесмендер «ұзағанда екі минуттың айналасы» деп жауап берді.

– Кезек жоқ деуге болады. Бір рұқсат қағазы 1-5 минут ішінде беріледі. Ешқандай қат-қабат жұмыс жоқ. Үш қабатта 200-ге жуық адам қызмет көрсетуде, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы алдағы уақытта әлдеқайда қатаң шектеулер енгізуге дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу