Тұрғындарға ақ және жасыл рұқсаттама беріледі. Неліктен?
Өскемен қаласының тұрғындары 6 сәуірден бастап тек рұқсаттама арқылы ғана көшеге шыға алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, рұқсаттама қағазының екі түрі болады. Бірінші рұқсаттама қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар мен қызметтерге беріледі. Екінші рұқсаттама әрбір пәтерге бір-бірден беріледі.
- Рұқсаттама қағазының бірінші түрі полиция қызметкерлеріне, су және электрмен жабдықтау қызметі мен апаттық қызмет өкілдеріне, дезинфекция қызметінің мамандары мен телекомуникация сынды салалардың қызметкерлеріне беріледі.
Екінші рұқсат қағазы әрбір пәтерге бір-бірден беріледі. Қазіргі уақытта қалада 1723 мың көпқабатты үй және 26 мың жер үй бар. Рұқсаттама қағаздарын пәтер иелеріне КСК-лар береді. Оларға таңғы сағат 8.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеу жүктелді. Жасыл рұқсаттама қағазын алғандар жұп санды күндері, ақ рұқсаттама алғандар тақ санды күндері сыртқа шығып, яғни аптасына үш рет дүкенге немесе дәріханаға барып, керек жарақтарын алып келе алады. Көпқабатты үйлердің тұрғындары ертеңнен бастап рұқсаттама қағаздарын ала алады. 6 сәуірге дейін рұқсаттама алып үлгеру керек. Сондай-ақ 2 сәуірден бастап барлық мейрамханалар мен дәмханалар онлайн түрде тапсырыс қабылдауға көшеді, – деді Жақсылық Омар.