KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ТЖ кезінде қандай рұқсат қағаздары беріледі?

1.04.2020, 05:13 159

Шығысқазақстандықтардың денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін Өскемен және Семей қалалары аумағында тұрғындардың қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы ғана жүзеге асырылатын болады. Ол үшін рұқсат қағазының 2 түрі әзірленген.
№1 түрі екі үлгіден тұрады:

1. Медициналық ұйымдар мен дезинфек-циялық қызметтердің, әлеуметтік сала меке-мелерінің, энергия өндіруші және энергия беруші компаниялардың, тіршілікті қамтамасыз ету қызметінің, коммуналдық қызметтің өкілдері мен волонтерлерге арналған.

2. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, базарлар мен дүкендердің жеткізіп беру қызметінің қызметкерлеріне, ШОБ жұмысшыларына (азық-түлік дүкендері мен дәріханалар) арналған.

№2 түрі екі түсті – ақ және жасыл болады және ол қала тұрғындарына арналған.

Жасыл түсті рұқсат қағазы айдың жұп күндерінде жүруге мүмкіндік береді. Ал ақ түсті рұқсат қағазы айдың тақ күндерінде жүруге мүмкіндік береді.

Бір үйге/пәтерге бір рұқсат қағазы беріледі. Рұқсат қағазы бір аптада үш реттен артық қолданылмайды.

Қолында рұқсат қағазы бар адам сауда-саттық нысандары мен дәріханаларға барып, қажетті затын сатып ала алады, сондай-ақ банктердің қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.

Рұқсат қағазының екі түрінде де белгілеуге арналған 15 белгі болады.

Рұқсат қағазын неше рет қолданғанын тексеру және белгілеуді бекітілген аумақтағы (Өскемен 200 шаршыға, Семей 202 шаршыға бөлінген) Полиция департаментінің қызметкерлері жүзеге асырады.
Жеке куәліксіз рұқсат қағазы жарамсыз. Рұқсат қағазының жарамдылық уақыты – 30 күн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу