Өскемендегі театрдың артына 12 және 16 қабатты үйлер салынып жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/dd2/dd248a3551be4e3452bb422bdc60eb62.jpg)
ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына, өңірдегі баспана мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда тұрғын үй құрылысының көлемін 2 есеге арттыратынын жазды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Өскеменнің жаңа "Нұрлы Жол" шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Жұмыс қарқыны жақсы.
⠀Біз мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын 48 көп қабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл деген жаңа 4665 пәтер.
⠀
Қазіргі уақытта 994 пәтерлі төрт 12 қабатты және бес 16 қабатты үйлер салынуда.
⠀
Жақын арада мердігерлер 9 қабатты он үш үйдің құрылысына кіріседі.
⠀
Жалпы, ШҚО-да баспана мәселесін шешу үшін алдағы 2 жылда тұрғын үй құрылыс көлемі 2 есеге арттырамыз. Жобалық-сметалық құжаттама 730 мың м2 дайын. Тек осы жылы өңір бойынша 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда",- дейді әкім.