KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Асфальт төселе бастады. Ахмердің жолы қашан аяқталады?

15.10.2019, 08:32 164

Өскемендегі Понтон көпірі мен Ахмер кентінің арасындағы жолды жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Тоғас көшесі Ертістің сол жағалауындағы жалғыз айналма жол. Бұрын екі жолақты болды. Сол себепті көлік кептелісінің жиілегені белгілі. Қазір бұл жолды негізгі нормативтерге сәйкес толық жөндеуден өткізудеміз, – дейді жоба жетекшісі Евгений Проневич.
Қазіргі уақытта жұмысшылар асфальттың бірінші қабатын төсеп жатыр. Дәл осындай үш қабат салынады.

– Жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ көлік қозғалысы тоқтап қалған жоқ, – деп атап өтті қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің басшысы Владимир Землянский.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭлитЭнергоСтрой» ЖШС жөндеу жұмыстарын толық аяқтағанан кейін Тоғас көшесі төрт жолақты болады. Жоба 2020 жылы аяқталуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу