KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

Өскеменнің 26 көшесінде жөндеу жұмыстары басталды. Осы аптада жөнделетін көшелер:

2.04.2019, 07:52 164

 

Бүгіннен бастап Өскеменнің 26 көшесінде жөндеу жұмыстары жүреді. Осыған сәйкес, көлік қозғалысы біршама қиындай түспек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Жалпы қала көшелерінің шұрық-тесіктерін жамау жұмыстары 10 күнге созылады деп жоспарланған.

 

Осы аптада жөндеу жұмыстары мына көшелерде басталады:

 

«Өскемен-Тәртіп» кәсіпорны Белинский, Алматы, Космический, Михаэлис және Металлургтер көшесін жөндейді;

 

«ОСКТ» ЖШС Қазақстан, Қайсенов, Чехов көшелерімен бірге Ертіс көпірінің алдындағы айналма жол айрығын жөндейді;

 

ДСУ-11» ЖШС жөндейтін көшелер: Малдыбаев, Пушкин, Алтай, Толстой;

 

«Бриллиант сити» ЖШС: Буров к-сі, К. батыр к-сі, Новаторов к-сі;

 

КАДЭ» ЖШС Лениногорск, Грейдер, Октябрь көшелеріне жауапты;

 

«Ремдор» ЖШС Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Шәкәрім көшесі, Потанин көшесіндегі шұрықтарды жамайды;

 

«Дороги Востока» ЖШС: Жібек жолы көшесі, Ярославский көшесі, Горький көшесі, Сол жағалау жолы.

 

Басқа да көшелердегі жөндеу жұмыстарының жүргіз кестесі келесі аптада жарияланады.

 

Айта кетейік, қала әкімдігі қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив