Автокөліктердегі жасыл және қызыл түсті рұқсаттамалардың айырмашылығы
Облыс әкімдігі Өскемен мен Семейдегі автомобильдерге арналған екі түрлі рұқсаттама қағаздың қолданылуы туралы түсіндірді.
Жасыл түсті рұқсаттамасы бар көлік иелері маршруттық қағазында жазылған бағыт бойынша қозғалуы керек. Бағыт қағазында көрсетілген болса, олар қаланың сыртына шығып, қайтадан кіре алады. Жүргізушінің жанында маршрут қағазы, жүктің құжаты және жеке басының құжаттары болуы шарт. Жүру уақыты 5:00 – 21:00 аралығы.
Қызыл түсті рұқсаттама иелері маршрут қағазын алып жүруге міндетті емес, алайда жанында қызметтік куәлігі болуға тиіс. Олар да қаланың сыртына шығып, қайта кіре алады. Қызметтік жағдайға байланысты, тәулік бойы жүруіне рұқсат.
Ал ешқандай рұқсаттама қағазы жоқ жеке мәшине иелері, өзінің рұқсаттамасына сай, жұп немесе тақ күндері ғана қала ішінде жүре алады. Оларға демалыс және мереке күндерінде жүруге рұқсат жоқ.