KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

28-30 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамы

27.03.2020, 13:19 186

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жылынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Қазгидромет" мамандары 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.

Республиканың басым бөлігінде скандинавиялық антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнгі уақыттарда әлі де суық температура сақталады, әсіресе, еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарында. Мұнда сынап бағаны ноль деңгейінен жоғары көтерілмейді. Ал температура көрсеткіштері түнгі уақытта -2...-17 градус аралығында болмақ. Күндіз +1...+13 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Оңтүстікте күн біршама жылы болады: +15...+28 градус.

Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін деп боджануда. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде көктайғақ болады. Сондай-ақ, республика аумағында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейе түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу