KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейдегі әскери сот тамақ ұрлаған сержанттың ісін қарады

26.02.2020, 04:12 339

Семей гарнизонының әскери сотында 9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержанттың ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот барысында анықталғандай, әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырған. Оны «есептен шығарылды» деп әріптестеріне сатқан.

«Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған. Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келді. Әскери қызметші ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ ол «сержант» әскери шенінен айырылды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу