Өскемендегі ипподромның орнына сауда орталығы салынады
Өскемендегі ипподромның орнына көтерме сауда орталығы салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
– Өздеріңіз білетіндей, ипподром жылына бір рет ғана пайдаланылады. Ал Шығыс өңірі сүт, ет, күнбағыс майын өндіру бойынша республика көлемінде алдынғы қатарда. Ал іргемізде Ресей және Қытай сынды біздегі ауылшаруашылық өнімдерін өткізетін екі әлеуетті нарық бар. Біздің қазіргі басты мақсатымыз ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, – деді Ж.Омар.
Қала әкімінің айтуынша, аталмыш орталықта аймақ көлеміндегі аудандардың өнімдері саудаланады.
Оқи отырыңыз