Өскеменде ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын ірі орталық ашылады
Өскеменде ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын ірі орталық салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
– Жібек жолының бойында ауылшаруашылық өнімдерінің сауда орталығы салынады. Әр ауданның шауралары бір шатырдың астында сауда-саттық жүргізе алады. Бұл сатушы және алушы тарапқа қатар тиімді. Саудагерлерге тоңазытқыштар ұсынылады. Олар экологиялық таза әрі сапалы өнімдерін тиімді бағада сатуы тиіс, – деді Жақсылық Омар.
Шаһар басшысының айтуынша, нысанның құрылысы осы жылы басталады.
Оқи отырыңыз