KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Қала ішіндегі қарды қайда шығарады – Өскемен

4.02.2020, 03:13 79

Өскемен әкімдігі қала ішіндегі қарды қайда шығарып жатқанын айтты.

Ресми мәлімет бойынша, күні бүгінге дейін 130 шаршыметр қар шығарылған.

– Қардың көбі ипподром маңайындағы бос жерге және Қабанбай батыр ескерткішіне қарсы беттегі алаңқайға төгілуде, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде белгісіз жүк көлігінің қарды «понтон» көпірінің маңайына төгіп жатқан суреті тарап, тұрғындар тарапынан оған наразылық болған. Алайда бұған қатысты жауапты мекеме әлі де болса пікір білдірген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу