KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Тағы да Понтон көпірінің маңына төгіліп жатқан қар туралы - Өскемен

27.01.2020, 06:14 100

Өскемендіктер Понтон көпірінің маңында аяқ алып жүру мүмкін емес деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, қаланың қары осы ауданға төгіліп жатыр.

-        Неге қарды Понтон көпірінің маңына төгеді? Камаз-Камаз қар жаяу жүргіншілерге ғана емес, көлік қозғалысына да кедергі келтіреді, - дейді жазба авторы.

Әбден ашынған тұрғын бұл көрністі суретке түсіріп алыпты.

Осы мәселеге қатысты қалалық әкімдікке хабарласқан болатынбыз.

-        Понтон көпірінің маңына біз былтырдан бастап қар шығарып жүрген жоқпыз. Себебі, тұрғындар тарапынан шағымдар түседі және Экология департаменті ол ауданға қар төгуге тыйым салған. Қалада қар шығаратын жекеменшік мекемелер бар. Сондықтан тұрғындарға айтарымыз, мұндай жағдай қайталанса 102 каналына хабарлассын, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу