Өскеменде Үлбі көпірінің астындағы жол жабылды

Өскемендегі Үлбі көпірінің астындағы жол жүру уақытша тоқтатылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нөсерлі ауа-райы мен өзен арнасының шамадан тыс көтерілуі салдарынан Протозанов көшесі жағынан жол қозғалысы шектелетін болды.
Су деңгейі қалпына келгенге дейін көлік жүргізушілеріне басқа жолмен айналып өтуге тура келеді.