Өскеменде қайырымдылық жәшігін тонаған ұры ұсталды
Өскемендегі ірі сауда үйлерінің бірінде орнатылған қайырымдылық жәшігін тонап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға 23 қаңтарда сағат кешкі жетілер шамасында болған. «102» арнасына белгісіз ер адамның «Император» сауда үйіндегі қайырымдылық жәшігін бұзып ашып, ондағы қаражатты жымқырып кеткені туралы хабар түсті. Жәшікте 20 мың теңгеге жуық ақша болған екен.
Бағыттама бойынша Ұлттық ұлан 5518 әскери бөлімінің жасағы 19 жастағы жігітті құрықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз