Өскеменде қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлап кетті
Күні кеше Өскемен қаласы ПБ «102» жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық фактісі туралы хабарлаған.
Хабарласқан азаматтың айтуынша, белгісіз тұлғалар сауда-ойын сауық орталығының күзетшісіне өздерін қайырымдылық қоғамының қызметкерлері ретінде таныстырып, жинақтаушы жәшіктен барлық ақшаны алып кеткен. Шығын 20 000 теңгені құрады.
- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 23 жасар екі жігітті анықтап, күдіктілерді қолға түсірген. Олардың біреуі осыған дейін сотты болғаны белгілі болды. Тергеу әрекеттері кезінде күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындады, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.