KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, В
504.76 593.8 6.5

Өскеменде телефон ұрлап, сауда орталығына өткізбек болғандар ұсталды

17.07.2019, 10:12 753

Өскеменде телефон ұрлап, сауда орталықтарына өткізбек болған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

14 шілдеде «102» кезекші бөліміне қаланың 21 жастағы тұрғыны хабарласып, сағат 18:00 шамасында белгісіз екі адамның ұялы телефонын  ұрлап қашқанын хабарлаған.

Ұрылар телефонды сауда орталығына апарып өткізбекші болған жерінен ұсталды. 

– Істің ізін суытпай қылмыскерлерді қолға түсірудік. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Өскемен қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу