KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Өскеменде сатушы дүкенді тонап кетті

25.09.2019, 03:48 257

Өскеменде сатушы дүкеннен бір жарым миллион теңгенің мүлкін жымқырып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға Назарбаев даңғылындағы автодүкендердің бірінде болған.

Сауда нысанының директоры полицияға сөреден автокөлік жабдықтарының алты бірдей жиынтығы жоғалғанын хабарлаған. Шығын –  1 403 000 теңге көлемінде бағаланды.

– Жедел іздестіру шаралары барысында аталған дүкеннің 45 жастағы сатушы-консультанты ұсталды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыскерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу