Қазақстанда тірі малды экспортқа шығаруға тыйым салынды
Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малды экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ресми ақпаратқа бойынша, өткен жылы 156 мың бас ірі қара мал мен 264 мың бастан астам қой экспортқа шығарылған екен.
Малды жаппай экспортқа шығарудың салдарынан ет өнімдерінің бағасы шарықтап кеткен көрінеді. Ал ет өңдейтін кәсіпорындар мен мал бордақылау орындарында жұмыс жүктемесі төмендеп кеткен. Оған шикізат тапшылығы себеп болып отыр.
Оқи отырыңыз