KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Елден мал шығаруға тыйым салынуы мүмкін

18.06.2019, 09:05 179

Қазақстаннан шетелдерге мал шығаруға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров төлдейтін малды көрші елдерге шығару мәселесін көтерді. Оның мәлімдеуінше, шетелге мал көптеп шығарылуда екен. Соңғы бес айдың ішінде өзге елдерге сатылған малдың саны 42 мыңға жетіпті. Оның ішінде төлдейтін мал да бар.

- Біз ол малды елге өзіміз әкелеміз. Оған қыруар қаржы да бөлініп тұрады. Ондай жағдайда төлдейтін малды көрші елдерге шығарған дұрыс емес", - дейді ауыл шаруашылық министрі.

Сондай-ақ, шетелге мал сату кезінде түрлі заң бұзушылықтар да көп болады екен.

Осыған орай, министрлік төлдейтін малды шетелге шығаруға тыйым салу туралы ұсыныс жасап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив