Өскемендік аспаз екі смартфон сыйға алды. Не үшін?
Жаңа жыл мерекесі әлдеқашан өтіп кеткенімен, өскемендіктер үшін күтпеген тосын сыйлар жалғасуда. Мәселен Гульчехра Шерматова «Казцинк» компаниясынан смартфон сыйға алды. Ол ешқандай да байқауға қатыспаған. Сонда екі бірдей телефонды қалай алды?
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Казцинк» компаниясы жақындарына «iPhone 11 Pro Max» сыйлағысы келетін жандарға арнап байқау жариялаған еді. Байқау шарты бойынша кез келген жан телефон сыйлағысы келген адамы жайлы (өзі жайлы емес) және оған не үшін сыйлағысы келетіні жайлы видео түсіруі керек еді. Иә, әркімнің қалтасы көтере бермейтін бұл телефонға қолын созғандар көп болған. Жақында генератор арқылы жеңімпаздары да анықталып қойған. Алайда, сол мыңдаған видеолардың ішінде төрешілерді бей-жай қалдырмаған бір адам болыпты. Ол - Гульчехра Шерматова. Иә, XXI ғасырда телефонсыз жүрген аспаз. Бәлкім, бұл қалай, деп таңғалып отырған боларсыз. Бірақ ол айлығына төсек тартып жатқан анасы мен ұлын асырауы керек. Жұмыста жүріп анасы мен баласын алаңдайтын анаға құрбысы көмектескісі келіп, «Казцинкпен бірге сыйла» байқауына қатысқан. Тина Ветрова бағалы телефонды өзіне де, өзінің туысына да емес, қасында жүрген әріптесіне алып беруді армандапты. Ал «Казцинк» кәсіпорны Гульчехраға бір емес, екі смартфонды сыйға тартқан. Үйдегілерімен сөйлесіп тұруы үшін. «Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан артылса досыңа қыл» дейді дана халқымыз, осылайша Тина өз досына күтпеген тосын-сый жасады.