KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

"От жақ та, сыйлық ал. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті байқау жариялады

16.01.2020, 09:57 169

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті байқау жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау қаңтардың жиырмасынан бастап наурыздың он алтысына дейін жалғасады. Байқау шарты оп-опай. Тек от жағудың тәртібі жайлы  бейнежазба түсіруіңіз қажет. Бейнежазба арқылы сіз отты қалай дұрыс жағу қажет және от жағуда қандай талаптарды қатаң ұстану керек, міне осы сұрақтарға жауап беруіңіз тиіс. Бірақ айтып қана қоймай, оны практика жүзінде көрсету керек. Видеоңыз дайын болғанда «instagram» желісіндегі өз парақшаңызға #япокажукакправильно хэштегімен жүктейсіз. Парақшаңыз ашық болсын. Байқау жеңімпаздары ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сыйлығына ие болады. Ендеше сәттілік!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив