«Казцинк» мекемесінің «iPhone 11 Pro Max» сыйлығы кімге бұйырды?
«Казцинк» мекемесінің Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырған байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Казцинк» компаниясы жақындарына «iPhone 11 Pro Max» сыйлағысы келетін жандарға арнап байқау жариялаған еді. Байқау шарты бойынша 4 қараша – 24 желтоқсан аралығында кез келген 18 жастан асқан жан телефон сыйлағысы келген адамы жайлы (өзі жайлы емес) және оған не үшін сыйлағысы келетіні жайлы видео түсіріп, инстаграмына жүктеуі керек болатын. Осы бір ерекше байқаудың жеңімпаздары анықталды. «iPhone 11 Pro Max» өскемендік Салтанат Шакеноваға бұйырыпты.
- Байқау туралы әлеуметтік желі арқылы білдім. Бағымды сынап көргім келді. Дәл осы байқауға құрбым қатысты, сосын мен де байқап көрейін дедім. Өте қуаныштымын, - дейді Салтанат.
Ал «iPhone 11» -ді әжесін Жаңа жылымен құттықтаған Назерке Зайнолдабекова жеңіп алды.
- Осылай жеңіп кетіп, телефон ұтып аламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымды жеткізгім келеді. Әжемді мерекеде бір қуантатын болдым, - дейді екінші орын иегері Назерке.
Ал «Apple Watch» сыйлығын жұбайын ерекше құттықтаған Айгүл Мырзақанова иеленді.