ШҚО-да тас жолдар жабылды
ШҚО аумағындағы бірқатар тас жолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін облыс аумағында ауа райы күрт өзгеріп, қарлы боран басталды.
Сағат 12.50-ден бастап «Өскемен - Шемонайха- РФ шекарасы» тас жолының 105-123 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сағат 18-00-ден бастап «Алматы-Өскемен» тас жолының 971-1068 шақырымы (Қалбатау – Қасым Қайсенов кенті) жабылды.
Сағат 18.15-те «Семей – Қалбатау» тас жолы жабылып отыр.
Оқи отырыңыз