KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Семейде сабақ тоқтатылды, тас жолдар жабылды

18.01.2020, 05:44 1 450

Семейде қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті.

-Білім басқармасының ақпараы бойынша, 18 қаңтарла Семейде желдің екпіні 18 м/с дейін жетіп отыр, соған байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды, - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша, бүгін сағат таңғы 07:15-де қарлы боранның салдарынан «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды. Сағат 09:00-ден бастап «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тас жолының 23-60 шақырымындағы учаскесі жабық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу