KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Өскеменде бүгін ADK ашылды

15.12.2019, 07:59 1 179

Бүгін Өскемендегі ADK River сауда, ойын-сауық орталығы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омар және бір топ журналистер су жаңа сауда ғимаратының төрт қабатын бірдей аралап көрді.

Әзірге ауқымды сауда үйінің бірінші қабаты ғана ашылды. Супермаркет және тұрмыстық техника сататын бөлімдер, нақты айтқанда «Сулпак» қана жұмыс істеп тұр. Сауда үйін басқаратын директорлардың бірі Александр Чукреевтің айтуынша, бірінші қабаттың ерте ашылу себебі техникалық қажеттіліктерге байланысты. Басқа қабаттар – балалар қалашығы, фуд-корттар, кинотеатрлар біртіндеп іске қосыла береді. Наурыз мерекесінде АДК өзінің толыққанды қызметіне кіріседі екен.

Айтпақшы,400 орынға арналған  көлік қаңтаратын паркинг  жер астында орналасқан. Алғашқы 1 сағаты тегін одан асып кетсе 100 теңге төлейсіз.

«АДК» атауы қандай мағына береді деген сұраққа Александр Чукреев былай деп жауап берді:

- Біз осыдан 8 жыл бұрын Алматы қаласындағы  АДК (Алматинский домостроительный комбинат)  орналасқан территорияға  ең алғашқы ойын-сауық орталығын салдық. Алматылықтарға «АДК» деген сөз өте жақын болғандықтан , осы атауды таңдап, соны әлі күнге дейін қолданып келеміз, басқа ешқандай құпиясы жоқ.  

Жаңа жылдан кейін үстіңігі қабаттарда 8 залды кинотеатр  өте үлкен балалар қалашығы ашылады. Ал кешеннің жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 10:00 ден түнгі сағат 22:00 ге дейін екен. Бұл тек дүкендер үшін ғана,ал кинотеатлар мен балалалар қалашығы түнгі 12-ге дейін ашық тұрады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу