Өскемендегі «ADK River» сауда үйі әлі ашылмайды
Өскемендегі «ADK River» сауда үйі әлі ресми түрде ашылмайды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жуықта облыс орталығында бой көтерген жаңа сауда үйі 15 желтоқсанда ресми ашылады деген ақпарат тараған еді.
- 15 желтоқсанда «ADK River» сауда үйінің сауда корпусының техникалық ашылуы ғана болады. Ғимараттағы қабаттардың көбі әлі де толық дайын емес. Бірінші қабаты ғана ашылады, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.
Сауда үйінің ресми ашылуының нақты уақыты белгісіз.
Оқи отырыңыз