Кәсіпкерлер мен өнер иелеріне "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы берілді
Өнер адамдар және кәсіпкерлер «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз бесінші сессиясында айтылды.
«Облыс әкімінің ұсынысы негізінде облыстық мәслихат шешім қабылдады. Бірнеше адам «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды», – деді мәслихат хатшысы Владимир Головотюк.
Олар:
– Александр Васильевич Белкин – «Выдрихинское» ЖШС директоры;
– Андрей Анатольевич Бондаренко – Өскемен және Семей Амфилохий епископы;
– Бекен Имаханов – Абай атындағы театрдың артисі;
– Роза Қуанышқызы Рымбаева – ҚР Халық артисі;
– Мұхит Тұмабаев – «Агрофирма «Приречное» ЖШС директоры.