Даниал Ахметов №23 орта мектепте салынған қосымша корпуспен танысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Облыс әкімі Даниал Ахметов М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде салынған қосымша корпуспен танысты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Орта мектепте 2017-2019 жылы 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілген болатын. Жаңа корпуста бастауыш сынып оқушыларына арналған кабинеттер, кітапхана, асхана, медициналық бөлме мен спортзал бар. Құрылыс жұмыстарын «Беки» ЖШС жүргізіпті.
- Корпусты салу үшін бір жыл он бір ай уақыт кетті. Одан ерте аяқтауға да болар еді. Тек жердің астынан су шығып, сол судың кеткенін күттік, - дейді мердігер компанияның директоры Әділбек Сағадиев.
Корпусты аралап шыққан аймақ басшысы Даниал Ахметов жүргізілген жұмыстарға оң бағасын берді. Аталмыш компанияның директорының қолын алған облыс әкімі мектеп басшылығына сәттілік тіледі.