KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Ұлан ауданында ауыз су мәселесі шешіледі

25.11.2019, 04:48 156

ШҚО-ның Ұлан ауданы бойынша ағымдағы жылы ТҮКШ мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Мәселен, екі ауылда су құбыры желілерінің құрылысы басталып отыр. Тағы төрт ауыл бойынша құжаттама дайындалған. Ал бес ауылдың кәріз желілерінің құрылысы бойынша құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберілмек. Халық саны аз 10 ауылда блокты модульдік станциялар салынып жатыр. Алдағы үш жылда сапалы ауыз сумен қамтылған аудан тұрғындарының үлесі 34% - дан 83% - ға дейін жетеді деп жоспарлануда.

2020-2021 жылдары Огневка мен Асубұлақтағы ауыз су мәселесі шешілмек. Тарғында осы жылы басталған су құбырының құрылысы қысқы кезеңге тоқтатылды, ал жоба бойынша аяқталу мерзімі-2020 жыл. Манат, Смолянка және Жантас ауылдарында салынып жатқан блокты модульдік станциялар ағымдағы жылы аяқталса, келер жылы Жоғарғы Тайынты, Айтықов сияқты шағын елді мекендерде ұқсас модульдердің құрылысы басталады.

Сонымен қатар, аудан аумағында 4000 ш.м. жол жөнделіп, үш көпір, алты су өткізу құбыры салынған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив