KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 60-қа жуық адам әлеуметтік қызмет көрсету порталын пайдалана алады

7.11.2019, 05:08 155

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 60-қа жуық адам әлеуметтік қызмет көрсету порталын пайдалана алады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Дина Байбутдинованың айтуынша, әлеуметтік қызметтер порталы келер жылы іске қосылады.

-    Бағдарлама мобильді нұсқада да қолжетімді болады. Қажетті қызметті қолдану үшін алдымен порталға тіркелу қажет. Мәселен, осыған дейін арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін сегіз айға жуы уақыт кететін. Ал портал енгізілгеннен кейін бұл үрдіс бір-екі аптаға ғана созылады, - дейді бөлім жетекшісі.

Айта кететін жайт,  ШҚО бойынша 56 511 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Оның ішінде көру қабілеті төмен - 8277, жүріп-тұруы қиын-13 707, есту қабілеті нашар – 2050 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив