KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

"Торпедо" турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды

15.10.2019, 09:34 189

«Торпедо» «Металлургтен» есе қайтарды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 14-ші турында қонақта новокузнецкілік командамен қарымта кездесу өткізген Алексей Ждахин шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды.

Естеріңізге салайық, осыдан бір күн бұрын «Торпедо» новокузнецкілік командадан 3:6 есебімен жеңіліп қалған болатын. Екінші матчтағы есепті де айдын иелері ашты. Алайда, өскемендік хоккейшілер тез жауап қайырды. Тіптен, есепте алға шығып та кетті. Көзге түскен Никита Титов пен Александр Шин болды.

Соңғы жиырмаминуттық та қарсыластардың оқтын-оқтын шабуылдарымен өтті. Соның бірінде «Металлург» ойыншы Максим Кицын қарсылас қақпасына саңылау тауып, есепті теңестірді. Алайда, кездесудің нүктесін торпедлықтар қойды. Ойынның аяқталуына шамамен бес минут қалғанда Никита Титов бұл матчтағы екінші шайбасын соғып, командасына маңызды екі ұпай әперді.

Осы жеңісінен кейін 18 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесінің алтыншы орнына көтерілді. Келесі ойынын өскемендік ұжым 20 қазан, жексенбі күні Пермь қаласында жергілікті «Молот-Прикамьемен» өткізуі тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив