KZ
Өскемен
-7°
снег жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Күнбағыс жинау науқаны мерзімінен кешіктірілді – Владимир Гайламазян

19.09.2019, 08:08 612

ШҚО-да күнбағыс жинау науқаны мерзімінен кешіктірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыстық әкімдік отырысында ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владимир Гайламазян айтты.

– Жазда ауа райы көбіне қоңырсалқын болды. Кейбір астық түрлеріне жоғары температура жетіспеді. Сондықтан да майлы дақылдарды жинау оншақты күн кешіктірілді, – дейді Владимир Гайламазян.

Десе де, маманның айтуынша, науқан одан әрі кейінге қалдырылмайды. Алдағы аптада жиын-терінді бастап кетпек. Себебі, майлы дақылдар үсікке ұрынып қалуы мүмкін.

- Жалпы биыл астық өндіруде былтырғы жылмен салыстырғанда 40% озықпыз. Бұйырса, алдағы жиын-терін кезінде күн райы қолайлы болады деп сенеміз, – дейді Владимир Гайламазян..

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу