ШҚО-да 554 ауыл шаруашылығы техникасы алынды
Биыл облыста 10 миллард 680 миллион теңгеге 554 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің отырысында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиында баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владимир Гайламазянның айтуынша, Аграрлық несие корпорациясы арқылы биыл егін және жиын-терін кезеңі үшін 54 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 2 миллиард 127, 3 миллион теңге көлемінде несие алды. Тауар өндірушілерге арнап 10 миллард 680 миллион теңгеге 554 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Жаңа техникалардың ішінде астық жинайтын 32 комбайн бар.
– Жалпы егу мен жиын-терін үшін облыс бюджетінен 3,5 миллиард теңге қарастырылған болатын. Бұл қаржы тұқым өсіру шаруашылығы, табиғи тыңайтқышқа, гербицидке және егістікті суаратын құрал-жабдыққа жұмсалды, – дейді Владимир Гайламазян.