Астық бойынша Глубокое мен Алтай жақсы нәтижеге жеткен
Астық дақылдарын өсіру бойынша Бородулиха мен Шемонаиха ауданы күткен межеге жете алмады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владимир Гайламазян айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бородулиха мен Шемонаиха ауданы астық дақылдарын өсіруде біз жоспарлаған межеге жетіңкіремеді. Оған қуаңшылық (воздушная, почвенная засуха) себеп болып отыр. Десе де олар күнбағыс пен жеміс-жидектен жақсы өнім алып, осы кеткен есені қайтарады деп сенеміз, – дейді Владимир Гайламазян.
Айтуынша, аудандар арасында Глубокое мен Алтай жақсы нәтижеге жеткен. Әсіресе, арпа, бидай сынды күздік дақылдардан көрсеткіш жоғары.