Өскеменде сақ жауынгері пайда болды
Сәтпаев даңғылы, 22-үйдің қабырғасына сақ жауынгерінің суреті салынды. Өскемен әкімдігі баспасөз қызметкерінің айтуынша, бұл сурет қала күніне орай тұрғындарға деген тарту болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жұмыс әлі аяқталған жоқ. 14 қыркүйекте қала күніне орай ашылуы болады. Сол күні қала халқы картина авторымен танысып, сұхбаттаса алады, – деді Әлібек Тұрсымбетов.
Оқи отырыңыз